«Докторлық диссертацияларды қорғау, диссертациялық кеңестер қызметі, қазақстандық ғылыми журналдар – жаңа нормативтік түзетулер» атты оқыту семинары туралы пресс-релиз

«Докторлық диссертацияларды қорғау, диссертациялық кеңестер қызметі, қазақстандық ғылыми журналдар – жаңа нормативтік түзетулер» атты оқыту семинары туралы пресс-релиз

2024 жылғы 23 және 29 тамызда Комитет Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы базасында диссертациялық кеңестердің қызметін, дәрежелер беруді реттейтін НҚА-дағы негізгі жаңалықтарды түсіндіру және Комитет басылымдарының тізбесін қалыптастыру бойынша семинарлар өткізді.

Семинарларға ғылыми қызмет жөніндегі проректорлар, диссертациялық кеңестердің басшылары, қазақстандық ғылыми журналдардың редакторлары қатысты.

Семинарлар аясында біздің спикерлер барлық жаңа түзетулер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі және қолжетімді түрде таныстырды. НҚА-дағы өзгерістер докторлық диссертацияларды, докторанттардың жариялау стратегиясын, диссертациялық кеңестердің қызметін дайындау және қорғау жөніндегі процестерді жақсартуға бағытталған.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ЖЖОКБҰ-дағы әріптестер алынған түсініктемелер мен ұсынымдар негізінде ішкі регламенттеуші құжаттарға өзгерістер енгізетініне, докторанттармен, диссертациялық кеңестермен олардың қызметінің сапасын арттыру үшін жұмыс стратегиясын құратынына сенімдіміз.