«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының магистратура және докторантура деңгейлері бойынша тармақтарын талқылау» тақырыбындағы семинар-кеңес

2024 жылғы 24 мамырда ағымдағы жылы жаңадан қабылданған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының магистратура және докторантура деңгейлері бойынша тармақтарын талдау мақсатында Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында семинар-кеңес өткізілді. Жиынға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басшылық құрамы, факультет және кафедра жетекшілері, сонымен қатар бейнебайланыс режимінде ел аумағындағы жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Жоғары оқу орындарының білім беру қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актінің ерекшеліктеріне Комитет тарапынан түсіндіру жасалып, лицензиялау және мемлекеттік бақылау шаралары кезінде оларды қолдану ерекшеліктеріне қатысты жан-жақты талдау жасалынды. Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып,  сұрақ-жауаптар және пікір алмасу болды.