«PhD Insights: Назарбаев Университетінің академиялық тәжірибесімен алмасу» семинарын өткізу туралы
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Назарбаев университетімен бірлесіп ағымдағы жылғы 22-24 мамыр аралығында профессорлар-оқытушылар құрамы мен докторанттарды даярлауға қатысатын қызметкерлер үшін оқыту семинарын өткізеді.
Бұл курсты Назарбаев Университеті докторантура бағдарламаларын дамыту және профессорлар-оқытушылар құрамын PhD докторантура бағдарламалары, академиялық жазу және зерттеу әдістері үшін оқу бағдарламаларын/курстарын дайындауға оқыту мақсатында әзірледі.
Сондай-ақ, семинар барысында оқытушылардың, жетекшілік ететін докторанттардың кәсіби дамуы, зерттеу ұсынысын дайындау, жариялау талаптары мен стратегиясы, диссертацияны дайындау және қорғау мәселелері қаралады.
Материалды бекіту практикум түрінде және топтарда жұмыс жүргізіліп, семинардан кейінгі тапсырманы орындаумен аяқталады.