«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптарын талқылау» тақырыбындағы семинар-кеңес

Өзекті міндеттердің бірін жалғастыру, заманауи жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету, жоғары оқу орындары беретін білім сапасын арттыру мақсатында Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орындарымен Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындары ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын жаңа біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша кезекті жоспарланған семинар-кеңес өткізді.

08.04.2024 ж. ЖОО ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптарын, сондай-ақ оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін түсіндіру бойынша ЖОО-мен екінші семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында «Бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арналған бейіндік біліктілік талаптарының 7 тармағы талқыланды.

Семинар-кеңеске қатысушыларды ПОҚ біліктілік үлесі, білім беру бағдарламасы пәніне оқытушылардың білімінің сәйкестігі талабы, дипломдық жұмыс (жоба) бойынша жетекшілерге деген талап және т. б. сұрақтар қызықтырды. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар семинар-кеңесте көрсетілген барлық мәселелер бойынша сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.

Келесі семинар-кеңесте «Магистр», Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін және резидентура білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін бейіндік біліктілік талаптары талқыланатын болады.