«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын базалық біліктілік талаптарын талқылау» тақырыбындағы семинар-кеңес

Біздің мемлекетіміздің өзекті міндеттерінің бірі заманауи сапалы білім беруді қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру сапасын арттыруда білім беру ұйымының біліктілік талаптарында айқындалған белгілі бір ең төменгі нормаларға сәйкестігі ерекше рөл атқарады.

Жоғары оқу орындарымен берілетін білім сапасын арттыру мақсатында Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орындарымен Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындары ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын жаңа біліктілік талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңестер өткізуді жоспарлады.

16.02.2023 ж., ЖОО ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын базалық біліктілік талаптарын, сондай-ақ оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін түсіндіру бойынша ЖОО-мен бірінші семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында базалық біліктілік талаптарының барлық 12 тармағы талқыланды.

Семинар-кеңеске қатысушыларды кітапхана қорының болуы, оны жыл сайын жаңарту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу, мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау және т. б. сұрақтар қызықтырды. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында қатысушылар семинар-кеңесте көрсетілген барлық мәселелер бойынша сындарлы диалог үшін алғыстарын білдірді.

Келесі семинар-кеңесте «Бакалавр» дәрежесін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін бейіндік біліктілік талаптары талқыланатын болады.