Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары

Ағымдағы жылғы 29 қаңтарда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында Форум  өтті.

Форумның басты мақсаты ретінде жоғары білім беру сапасын арттыру тетіктерін жетілдіруге қоғам өкілдерінің кең ауқымының қамтылуын одан әрі дамыту деп айқындалды.

Жоғары білім беру саласындағы реттеушілік саясатты жаңғыртудың өзекті мәселелері, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер, сондай-ақ  білім беру қызметін лицензиялау сұрақтары талқыланды.

Форумның қатысушыларына «таза парақтан» реттеуді енгізу, мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру нәтижелері ұсынылды. Тәуелсіз сарапшыларға жаңа реттеу саясаты жағдайында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізудің ерекшеліктері түсіндірілді.

Сондай-ақ, жаңадан қабылданған біліктілік талаптарының мазмұны бойынша, соның ішінде жаңа құрылымына қатысты пікір алмасу болды: базалық біліктілік талаптары – білім берудің барлық деңгейлері үшін; бейіндік талаптар – бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура үшін; онлайн оқыту үшін; шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдары үшін енгізілген нормалар талқыланды.

Форумның жұмысына Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек және Министрліктің жауапты қызметкерлері, қоғам өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ сыртқы сарапшылар қатысты.