Ғылыми журналдар редакторларымен оқыту семинары өтті

Ғылыми журналдар редакторларымен оқыту семинары өтті

2023 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Astana IT университетінде отандық ғылыми журналдар редакторларына арналған  «Қазақстандық ғылыми журналдар казіргі жағдайы және даму перспективалары» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинарға 80-нен астам ғылыми журналдардың редакторлары және университеттердің ғылыми жұмысы жөніндегі  проректорлары, Elsevier және  Wiley өкілдері қатысты. Семинар барысында Комитет ұсынатын басылымдардың соңғы 30 жылдағы трансформациясы, казіргі жағдайы, даму траекториялары туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар Scopus халықаралық сілтеме базасына енгізу үшін негізгі талаптар, Wiley журналдарының сапасы туралы ақпаратпен бөлісті.  Спикерлердің  ғылыми  журналдың даму мен  ілгерілетудің  өзіндік тәжирибесі үлкен қызығушылық туғызды. Спикерлер аудиторияның назарына   сапалы контент, рецензенттерді іздеу және таңдау, тиімді редакциялық үрдістер, бір университеттегі журналдар желісінің жарияланымдық белсенділігін басқару, халықаралық журналдың ребрендингі жөнінде мәселелерді ұсынды.

Семинар барысында қатысушыларға топтарға бөлініп, отандық ғылыми журналдарды дамыту бойынша  идеяларын ұсынуға мүмкіндік берілді.