«Лицензиялау және мемлекеттік бақылау процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу: сын-тегеуріндер, күтілетін нәтижелер» тақырыбында онлайн-семинар

семинар

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ағымдағы жылдың 19 қаңтарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері үшін «Лицензиялау және мемлекеттік бақылау процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу: сын-тегеуріндер, күтілетін нәтижелер» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинар барысында лицензиялау және мемлекеттік бақылау процестеріне жасанды интеллект элементтерін енгізу мәселелері талқыланды, онда сапаны қамтамасыз ету жүйесін цифрлық трансформациялаудың негізгі сын-қатерлері мен күтілетін нәтижелері талқыланды.

Сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пікір алмасты. Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына түсініктемелер берілді.

Семинарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының проректорлары мен академиялық блок өкілдері қатысты.

1. Лицензиялау рәсіміне ЖИ енгізу