2026 жылғы 15-16 қаңтарда Астанада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» форумы өтті.
2026 жылғы 15-16 қаңтарда Астанада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі және даму перспективалары» форумы өтті.
Форум ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын, халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ білім беру сапасын аккредиттеу және бағалау саласындағы мамандарды біріктірді. Іс-шараның бірінші күні QAA, ASIIN және IAAR аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен Халықаралық воркшоптар өтті.
Қатысушылар университеттерді халықаралық аккредиттеуге дайындау, cапа мәдениетін қалыптастыру және білім беру қызметтерінің экспортын дамыту мәселелерін талқылады.
Форумның екінші күнінде PhD докторанттардың зерттеу қызметі нәтижелерінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдеріне, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін дамытуға және жетілдіруге, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын реттеу және рұқсат беру саясаты мәселелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті.
Форумның басты оқиғасы жоғары білім мен ғылымның сапасын қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына, сондай-ақ қазіргі заманғы технологиялық және нормативтік өзгерістердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласына әсеріне арналған пленарлық отырыс болды.
Форумға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар сапаны қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ұлттық жүйесіне үздік шетелдік тәжірибелерді енгізу қажеттігін атап өтті.