Әскери, арнаулы оқу орындарындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдері


2023 жылғы 18 тамызда мемлекеттік бақылауды автоматтандыру, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, мемлекеттік аттестаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары А.Еділхановтың төрағалығымен «Әскери, арнаулы оқу орындарындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдері» тақырыбында Zoom платформасында семинар өткізілді.
Семинарға ҚР Бас прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатарында 75-тен астам қатысушылар, сондай-ақ әскери, арнаулы жоғары оқу орындарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Спикерлер қатарында Хамзина Г.С. («Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білімді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ), Мусурова Ж.Қ. (Ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасы), А.Н. Ахметова (Реттеу саясаты басқармасы), А. Алдияров (Рұқсат беру саясаты басқармасы) сөз сөйледі, олар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу, атап айтқанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік бақылау, ақпараттық жүйеде ТБЖ көрсеткіштерін автоматтандыру, біліктілік талаптарындағы өзгерістер және ғылыми кадрларды аттестаттау мәселелері бойынша толық ақпарат берді.
Семинар дискуссия форматында аяқталды, оның барысында бірқатар мәселелер талқыланды, пікір алмасу өткізілді.
18 тамыз 2023
Семинар