«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-та 8D08104-«Фитосанитарлық технология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған Канапин Чингиз Булатовичтің «Солтүстік Қазақстанның орманды дала аймағы жағдайында майбұршақтың тұқым өнімділігі мен сапасын жоғарлату үшін егістіктерді фитосанитарлық оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Өсімдік шаруашылығы» ББТ-ның базасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Мусынов Кажимурат Майрамбекович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Өсімдік шаруашылығы» БББТ, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ-сы., Қазақстан.
Утельбаев Ерлан Аманжолович – PhD, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС, егіншілік бөлімі меңгерушісі, Астана қ-сы, Қазақстан.
Нуреттин Тахсин, PhD,профессор, Пловдив аграрлық университеті,Болгария.
Ресми рецензенттері:
Султанова Надира Жумахановна – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ» ЖШС Басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Алматы қ-сы, Қазақстан.
Мухамадиев Нуржан Серикканулы – биология ғылымдарының кандидаты, «Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ» ЖШС-гі биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ-сы, Қазақстан.
Диссертациялық уақытша кеңесінің сайланған мүшелерінің тізімі:
Арыстангулов Сембы Сальменович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ» ЖШС-гі, пестицидтерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы, Алматы қ-сы, Қазақстан.
Жарлыгасов Женис Бахытбекович, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ, зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректор, Қостанай қ-сы, Қазақстан.
Баялиева Кульмира Жумабековна – ауылшаруашы-лығы ғылымдарының кандидаты, доцент. К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті, өсімдік шаруашылығы және өсімдік қорғау кафедрасының меңгерушісі, Бішкек қ-сы, Қырғызстан Республикасы.
Қорғау 2026 жылы 24 сәуірінде сағат 11.00 - да «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, №1115 ауд.
ZOOM: 494 782 2913
Код: 12345
e-mail: baitelenova_alya@mail.ru