«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Нурлыгуль Кошербаевна Унышеваның 8D07304 – «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Солтүстік Қазақстанның егістікке жарамды жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, D128-«Жерге орналастыру» БББТ орындалған.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілері:
Макенова Сауле Кажаповна – философия докторы (PhD), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Жерге орналастыру» БББТ қауымдастырылған профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
Татаринцев Владимир Леонидович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университеті «Топырақтану және топырақ экологиясы» кафедрасының профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы.
Ресми рецензенттері:
Айтхожаева Гулсим Султановна – философия докторы (PhD), «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының аға ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессоры м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Тогузова Маржан Мельсовна – философия докторы (PhD), «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ «Жер туралы ғылым» мектебінің қауымдастырылған профессоры (доцент), Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық уақытша кеңесі мүшелерінің тізімі:
Жилдикбаева Айжан Наскеновна – философия докторы (PhD), «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Молжигитова Динара Кумарбековна – философия докторы (PhD), «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КеАҚ «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Жуманазаров Берик Бекбауович – экономика ғылымдарының кандидаты, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Басқарма орталық аппараты жер кадастры бөлімінің бас менеджері, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Қорғау аралас форматта 2026 жылы 27 наурызда сағат 10:00-де «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ 8D073 – «Сәулет және құрылыс» (8D07301 – «Сәулет», 8D07302 – «Геодезия», 8D07303 – «Кадастр», 8D07304 – «Жерге орналастыру») даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, Бас ғимарат,ауд. №1115 (мәжіліс залы)
Онлайн-трансляция ZOOM платформасында өтеді:
ZOOM: 999 4058 8552
code: 941833
https://zoom.us/j/99940588552?pwd=U07vcdwu0KQeaq4xSEBF0RXm2G1bPg.1
Адрес сайта: https://kazatu.edu.kz,
e-mail:s.makenova@kazatu.edu.kz