«Шәкәрім университеті» КеАҚ жанындағы 8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар бағыты бойынша (8D05301 – Химия, 8D05302 – Техникалық физика білім беру бағдарламалары) диссертациялық кеңесте 8D05301 – Химия білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абдрахманова Ажар Бауыржановнаның «Литий аноды бар химиялық тоқ көздері үшін электролиттерді зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертация Шәкәрім университеті КеАҚ «Химия және экология» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Ресми рецензенттер:
- Азат Сейтхан – философия докторы (PhD), профессор, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті» КеАҚ инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан.
- Авчукир Хайса – философия докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Алматы қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
- Сабитова Альфира Нуржановна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Химия және экология» кафедрасының меңгерушісі, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Семей қ., Қазақстан.
- Омарова Нурия Молдагалиевна – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті химия кафедрасының профессор міндетін атқарушы, Астана қ., Қазақстан.
- Кривченко Виктор Александрович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Дубна» мемлекеттік университетінің электрохимиялық техниканың ғылыми-зерттеу және конструкторлық-технологиялық орталығының ғылыми жетекшісі, Дубна қ., Ресей.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Батырбеков Эрлан Ғадлетович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директоры.
- Кливенко Алексей Николаевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Shakarim Lab» ҒО жетекшісі.
- Витюк Владимир Анатольевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары.
- Оразжанова Лаззят Каметаевна – химия ғылымдарының кандидаты, «Шәкәрім университеті» КеАҚ химия және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, Түркістан қ., Қазақстан.
- Шалабаев Жандос Смагулович – философия докторы (PhD), Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жетекші ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан.
- Уваров Николай Фавстович – химия ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің химия және химиялық технология кафедрасының профессоры, Новосібір қ., Ресей.
Қорғау 2026 жылдың 3 сәуір күні сағат 16:00-да Шәкәрім университеті КеАҚ жанындағы 8D053 Физикалық және химиялық ғылымдар даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте аралас (онлайн және оффлайн) форматта өтеді.
Мекенжайы: 071412, Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 4, 2-ші қабат, диссертациялық кеңестің мәжіліс залы.
Zoom конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/89136612221?pwd=H8IaGcUXc7HRY2LF0g6pTLTaa91UFJ.1
Конференция идентификаторы: 891 3661 2221
Кіру коды: 094655
Сайт мекен-жайы: https://shakarim.university/en/science/dissertations
Ресми емес пікірлер мына электрондық мекен-жайға жіберіледі: lazzyat.orazzhanova.70@mail.ru
Ғалым хатшы: Оразжанова Лаззят Каметаевна, +7 747 348 69 28