«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-да «8D011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Чижевская Юлия Тимуровнаның «CLIL-оқыту негізінде жоғары сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың ғылымы-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Диссертация Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шетел тілдерін даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
- Кульшарипова Зарy Қасымовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің Ә. Марғұлан атындағы Педагогика жоғары мектебінің доценті;
- Кемелбекова Зада Абылбековна – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
- Жетписбаева Бақытгүл Асылбековна – педагогика ғылымдарының докторы, Astana IT University профессоры;
- Асанова Дария Нұртасовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Мехмет Акиф Созер – философия докторы (PhD), Анкара қ. Гази университетінің бастауыш білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Түркия).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Чакликова Асель Тураровна – педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Төраға;
- Узакбаева Сахипжамал Аскаровна – педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры, төрағаның орынбасары;
- Немчинова Екатерина Марковна – философия докторы (PhD), Сиэтл Тынық мұхиты университетінің Шет тілдері, мәдениеттер және лингвистика факультетінің профессоры, Сиэтл қ., АҚШ;
- Шаяхметова Дана Бексултановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ КеАҚ қауымдастырылған профессоры, ғалым хатшы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ахметова Гульнара Батырбековна – педагогика ғылымдарының докторы, Педагогикалық зерттеулер институтының директоры.
- Елубаева Перизат Келдибаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркология және тіл теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
- Джантасова Дамира Дулатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі.
Қорғау 2026 жылғы 17 наурызда сағат 09:00-де (UTC+5, Алматы уақыты (ALMT)) «8D017 – Тілдер мен әдебиет бойынша педагогтер даярлау» кадрлар даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте (білім беру бағдарламалары: «8D01721 – Шетел тілі педагогтерін даярлау» / «6D011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі») Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті АҚ жанында аралас форматта өтеді.
Мекенжайы: Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200, 1 оқу корпусы, №108 аудитория.
Сайт мекенжайы: http://dissovet.ablaikhan.kz/
Онлайн отырысқа қолжетімділік: https://youtube.com/live/X9KQxCEGx6Q?feature=share