Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 09 ақпандағы № 54 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Ахметсапа Айгүл Есенкелдықызына 8D01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.