«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-да «6D020200 – халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сарсенов Максут Баймуратовичтің «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының гуманитарлық аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғау туралы ақпарат.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс.
Диссертация «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ халықаралық қатынастар кафедрасында орындалған.
Ресми рецензенттер:
Сарыбаев Мейрам Сейсенбаевич – PhD (тарих, әлем тарихы), Нархоз университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық қатынастар бағдарламасының доценті.
Байкушикова Гульнара Серикбаевна – халықаралық қатынастар мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, доцент міндетін атқарушы.
Ғылыми кеңесшілер:
Раев Даулетбек Садвакасович – философия ғылымдарының докторы, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ профессоры.
Сызбыкова Жибек Сапарбековна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының «Шығыс мәдениеті экологиясы» ғылыми-зерттеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қорғау 2026 жылғы 20 ақпанда, сағат 14.30-де (UTC +5. Alma-Ata Time (ALMT) «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ қарасты «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» (білім беру бағдарламалары: «8D03121 (6D020200) – Халықаралық қатынастар»; «8D03122 – Аймақтану» дайындық бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Муратбаев көшесі, 200, 1 оқу ғимараты, № 108.
Сайт мекен-жайы: http://dissovet.ablaikhan.kz/
Онлайн-отырыстың сілтемесі: https://youtube.com/live/aBe-EDiS87I?feature=share