С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «8D06102 – Жүйелік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Анарбекова Галия Абаевнаның «Машиналық оқыту алгоритмі негізіндегі Солтүстік Қазақстандағы нан жолақты бүргелер санының динамикасын болжайтын аналитикалық жүйе» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Бизнес және цифрлық технологиялар» институтының «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі: орыс тілі
Ресми рецензенттер:
- Муканова Аягоз Асанбековна – 6D070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «Компьютерлік ғылымдар және информатика» мамандығының қауымдастырылған профессоры (доцент), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
- Адиканова Салтанат – философия докторы (PhD), «Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ (Өскемен қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
- Аканова Акерке Сапаровна – философия докторы (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры (м.а.) (Астана қ., Қазақстан).
- Гриф Михаил Геннадьевич – техникалық ғылымдардың докторы, Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасының профессоры (Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Исмаилова Айсулу Абжаппаровна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» БББТ профессорының м.а.
- Абдикеримова Гульзира Бахытбековна – философия докторы (PhD), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
- Аканова Акерке Сапаровна – философия докторы (PhD), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Компьютерлік ғылымдар» БББТ қауымдастырылған профессорының м.а.
- Ержанова Акбота Ермухамедовна – философия докторы (PhD), «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институты, "Агроинженерия, механика және металл өңдеу" БББТ қауымдастырылған профессорының м.а.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Мамырбаев Оркен Жумажанович – философия докторы (PhD), ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептік технологиялар институты» РМК бас директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, PhD (6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы), қауымдастырылған профессор (Алматы қ., Қазақстан).
- Кудубаева Сауле Альжановна – техникалық ғылымдардың кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).
- Lili Nurliyana Abdullah – философия докторы (PhD), Путра университетінің қауымдастырылған профессоры, «Информатика және ақпараттық технологиялар» факультеті, «Мультимедиа» кафедрасы (Селангор, Малайзия).
Қорғау аралас форматта 2025 жылы 23 қаңтарда сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D061–Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (8D06101 – Үлкен деректер аналитикасы; 8D06103 – Бизнес үдерістерін моделдеу және оңтайландыру; 8D06102 – Жүйелік инженерия, 6D070300 – Ақпараттық жүйелер) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, Бас ғимарат, №1321 конференц залы
Онлайн-трансляция ZOOM платформасында болады:
Конференция идентификаторы: 920 6243 4950
Ену коды: 920280
https://zoom.us/j/99199762216?pwd=a5UfTCjuSbzW8AEkcj2I2RaRUlSJS1.1
Сайт мекен-жайы: https://kazatu.edu.kz, e-mail: dissovetitkazatu@gmail.com