2025 жылғы мемлекеттік бақылау шаралары бойынша ақпарат

2025 жылы  жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) ғылым және жоғары білім саласындағы заңнамасының сақталуына 50 мемлекеттік бақылау шаралары жүргізілді.

Оның ішінде:

             4 профилактикалық бақылау;

             5 біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру;

             14 жоспардан тыс тексерулер;

             Әскери, арнаулы оқу орнында 2 мемлекеттік аттестаттау шарасы;

             8 ЖЖОКБҰ-да прокуратура органдарының тексеруі (3  ЖЖОКБҰ, 5 ӘАОО)

             1  ЖЖОКБ -ның білім беру қызметіне  мониторинг жүргізілді

             1  ЖЖОКБҰ-да Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тексерісі

             15  ЖЖОКБҰ-да педагог кадрларды даярлау сапасына мониторинг жүргізілді.

Жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының нәтижелері бойынша  ЖЖОКБҰ-ларға қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылып әкімшілік жауапқа тартылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің  қызметі тоқтатылды.  ЖЖОКБҰ Лицензиялардың мемлекеттік тізілімінен түпкілікті алып тасталынып, ағымдағы жылдың түлектері оқуын аяқтап, қалған білім алушылар басқа  ЖЖОКБҰ -ларға ауыстырылды.

6  ЖЖОКБҰ-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ, кадрларды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша 9 лицензияға қосымша кері қайтарылды.

Мемлекет бюджетіне өндірілген әкімшілік салымдардың жалпы  сомасы 6 015 960 теңгені құрады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагог кадрларды даярлау сапасына мониторинг жүргізу 2026 жылы жалғасын табатын болады.

Осылайша, сапасыз білім беретін ЖОО-ларға қатысты шараларды қабылдау, білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс үздіксіз сипатқа ие және жүйелі негізде жүргізілетін болады.

Дата публикации
26 декабря 2025