М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 8D023 Тілдер және әдебиет бағытының 8D02310 – Филология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде Пансат Жансая Мусилхановнаның философия докторы (Phd) дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазақ тіліндегі «көк» концептісінің лингвомәдени сипаты» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілі
Ресми рецензенттер
- Мейрбеков Акылбек Кайратбекович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор. Халықаралық туризм және меймандостық университеті.
- Пашан Дана Мұсабекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, «Ономастика» бөлімінің меңгерушісі.
Ғылыми кеңесшілер:
- Мамаева Гүлнар Бейсенқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тіл білімі кафедрасы.
- Эрджан Алкая (Ercan Alkaya) – профессор, доктор. Фырат университеті, Адам және қоғамдық білімдер факультеті, Түркі тілдері және әдебиеті кафедрасы. (Элязыг, Түркия Республикасы)
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері
- Боранбаев Сандыбай Режепұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Әлеуметтік ғылыми-зерттеу институтының директоры.
- Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті.
- Таджиев Хамидулла Хабибуллаевич – философия докторы (PhD), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті.
- Хулья Касапоглу Ченгель – философия докторы (PhD), Хаджи Байрам Вели университеті. (Анкара, Түркия Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
- Авакова Раушангүл Амирдинқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасы.
- Абаева Мадина Қабылқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, «Психолингвистика» бөлімінің меңгерушісі.
- Кенжигожина Карлыгаш Серикбаевна – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аударма ісі практикасы және теориясы кафедрасының доценті м.а.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат. 10.00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 8D023 Тіл және әдебиет бағыты, 8D02310 – Филология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: Шымкент қаласы, Тауке хан 5. Бас ғимарат, 3 этаж, 342 аудитория.
ZOOM Конференциясы сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=84047577088
Идентификаторлық номер: 3343340017, Код: 0000