|
«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхатын қарауға арналған әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 3 қазандағы |
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының
65 бабының 3-тармағына, сондай-ақ Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхаттарын қарауын дұрыс қолдану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
осы бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхатын қарауға арналған әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
Министрлігінің Ғылым және
жоғары білім саласындағы
сапаны қамтамасыз ету
комитеті төрағасының
міндетін атқарушы Ғ. Есенбаев