М. Әуезов атындағы Оңтүcтік Қазақстан зерттеу университеті жанындағы диссертациялық кеңесте 6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Қожахметова Айдана Маратқызының «Шартқа сәйкессіз фосфатты-кремнийлі шикізаттың және ЖЭО қалдықтарының негізінде микроэлементтері бар баяу әсерлі тукоқоспалар алу технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Ташкараев Рахматулла Абдуллаевич – 05.17.01 – «Бейорганикалық заттардың технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, Академик А. Қуатбеков атындағы халықтар Достығы университетінің доценті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
2. Нурлыбаев Руслан Ергалиевич – 6D074000- «Нанометариалдар және нанотехнология» мамандығы бойынша доктор PhD, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессор-зерттеуші, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Жантасов Курманбек Тажмаханбетович – техника ғылымдарының докторы, «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының профессоры, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы.
- Дормешкин Олег Борисович – техника ғылымдарының докторы, «Жалпы химиялық технология және бейорганикалық заттар» кафедрасының профессоры, Белорус мемлекеттік технологиялық университеті, Минск қ., Белорусь Республикасы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Надиров Казим Садыкович – химия ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры. Диссертациялық кеңестің төрағасы.
- Анарбаев Абибулла Абилдаевич – техника ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры. Диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары.
- Нұркенов Оралғазы Ақтайұлы – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмір химиясы институты.
- Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің PhD докторы. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Шакирова Айнур Кызырбековна - 05.17.00 – «Химиялық технология» мамандығы бойынша химия ғылымдарының кандидаты, А.Б. Бектуров атындағы Химия ғылымдары институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
- Садиева Халипа Рыскуловна –05.17.01- «Бейорганикалық заттардың технологиясы» химия ғылымдарының кандидаты, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы.
- Сманова Зулейхо Асаналиевна – 02.00.02 - «Аналитикалық химия» мамандығының химия ғылымдарының докторы, «Аналитикалық химия» кафедрасының меңгерушісі, профессор Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2025 жылдың 25 желтоқсан күні сағат 11.00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде келесі мекен-жайда өтеді: 160012, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5, бас ғимарат, 342 аудитория, Zoom платформасында өтеді.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09
Конференция идентификаторы: 3343340017
Кіру коды: 0000