«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің сайтына «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Танкеева Айгерим Киевнаның «Импульс әсерлі квазисызықтық интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер: шешу әдістері және қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Математика кафедрасында орындалды.
Диссертация ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ғылыми кеңесшілері:
- Асанова Анар Тұрмағанбетқызы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Математика және математикалық модельдеу институты, Дифференциалдық теңдеулер бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;
- Мынбаева Сандугаш Табылдиевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан;
- Юлдашев Турсун Камалдинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ташкент қ., Өзбекстан.
Ресми рецензенттері:
- Хомпыш Хонатбек – физика-математика ғылымдарының кандидаты (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультеті Математика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;
- Усманов Кайрат Идрисович – физика-математика ғылымдарының кандидаты (01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика), қауымдастырылған профессор, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасының профессоры м.а., Түркістан қ., Қазақстан.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Сартабанов Жайшылык Алмагамбетович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
- Абдикаликова Галия Амиргалиевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
- Тлеубергенова Мадина Альмухановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
- Бекбауова Алтыншаш Упуовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Капустян Алексей Владимирович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті Механика-математика факультеті Интегралдық және дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі, Киев қ., Украина;
- Балтаева Умида Исмоиловна – физика-математика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының өңірлік бөлімшесі Маъмун Хорезм академиясы «Дәл ғылымдар» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Үргенч қ., Өзбекстан;
- Оспанов Мырзагали Наурызханович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Механика-математика факультеті Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі, Астана қ., Қазақстан.
Қорғау 2025 жылдың 21 қараша күні сағат 14:00-де Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (офлайн және ZOOM платформасында онлайн: идентификатор 360 124 8845) өтеді.
Мекенжайы: 030000 Ақтөбе қ., Ә. Молдағұлова даңғылы, 34, Әкімшілік ғимарат, Ғылыми кеңес залы, 12-кабинет.
Хабарландыру мен қосымшалардың мәтіні орналастырылған Диссертациялық кеңес сайтының мекен-жайы: https://zhubanov.edu.kz
Ғылыми хатшы: Бекбауова Алтыншаш Упукызы
(сот) +7 7710241324; e-mail: abekbauova@zhubanov.edu.kz