«Шәкәрім университеті» КеАҚ 8D05302 – «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Идинов Медет Толеугалиевичтің «CuBi/CuBi₂O₄ негізіндегі модификацияланған композициялық пленкалар қорғаныш экрандаушы материалдар ретінде» тақырыбында диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Шәкәрім университеті «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Лежнев Сергей Николаевич – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, КеАҚ «Рудный индустриалды университеті» Металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің профессоры.
- Аханова Назым Ерлановна – философия докторы (PhD), Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректорының міндетін атқарушы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Касымов АскарБагдатович – философия докторы (PhD), «Шәкәрім университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры.
- Козловский Артем Леонидович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Ядролық физика институтының Астана филиалы Қатты дене физикасы зертханасының меңгерушісі.
- Градобоев Александр Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетінің» эксперименттік физика бөлімінің профессоры.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Батырбеков Эрлан Ғадлетович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР АЭА «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры.
- Кливенко Алексей Николаевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Радиоэкологиялық зерттеулер» ҒО жетекшісі.
- Витюк Владимир Анатольевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ҚР АЭА «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары.
- Оразжанова Лаззят Каметаевна - химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ химия және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Панин Евгений Александрович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Қарағанды индустриалды университеті» KeAҚ Металдарды қысыммен өңдеу кафедрасының профессоры.
- Арбуз Александр – философия докторы (PhD), Назарбаев Университетінің Бірлескен пайдалану кеңсесінің зерттеу инфрақұрылымы бойынша үйлестірушісі.
- Мұхаметұлы Бағдәулет – философия докторы (PhD), ғылыми жұмыстар жөніндегі зертхана директорының орынбасары, И.М. Франк атындағы нейтрон физикасы зертханасы, Біріккен Ядролық зерттеулер институты, Дубна.
Қорғау 2025 жылдың 5 желтоқсан күні сағат 14.00-де КеАҚ «Шәкәрім университеті» 8D053 - «Физикалық және химиялық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 4, 2-ші қабат, диссертациялық кеңестің мәжіліс залы.
Конференцияға сілтеме:
https://zoom.us/j/92718338416?pwd=z6QDcSdGMsRl5lJCqMR9fgqUDV95bv.1
Конференция идентификаторы: 927 1833 8416
Кіру коды: 294314