«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ алдағы уақытта «8D07108 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша «Кремний және Si/перовскит тандемді күн элементтерінде қолдануға арналған көпқабатты наноқұрылымдарды синтездеу және зерттеу» тақырыбында Султанов Асанали Талгатбекулының философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясының қорғау туралы хабарлайды.
Диссертация «Қазақстан-Британ техникалық университеті» Акционерлік қоғамының материалтану және жасыл технология мектебінде орындалған.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Рецензенттер:
- Mirzaeian Mojtaba- философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, химиялық инженерия, энергетика және экология бағдарламаларының жетекшісі, Батыс Шотландия университетінің энергияны сақтауды зерттеу зертханасының жетекшісі (Пейсли қ., Ұлыбритания)
- Сериков Тимур Маратович – философия докторы (PhD), Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Физика және нанотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Қарағанды қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Бейсенханов Нұржан Бейсенханұлы –физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің деканы, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан);
- Айдарова Сәуле Байлярқызы – химия ғылымдарының докторы, профессоры «Бір жол, бір белдеу» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
- Козловский Артем Леонидович – PhD, ассоц.профессор, Ядролық физика институтының Астана қаласындағы филиалының қатты дене физикасы зертханасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан);
- Әбдірахманов Асан Рамазанұлы– PhD, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің ассоц.профессоры, Қазақстан-Британ техникалық университеті АҚ (Алматы, Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Зайцев Сергей Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Бас ғылыми қызметкер, Ресей ғылым академиясының Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі «Микроэлектроника технологиясы және аса таза материалдар институты» (Черноголовка қ., Мәскеу облысы, Ресей);
- Мұсабек Гауһар Қалижанқызы – философия докторы (PhD), қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының профессор-зерттеушісі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Нәжіпқызы Меруерт-химия ғылымдарының кандидаты, химия физикасы және материалтану кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
- Нусупов Каир Хамзаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Бейсенханов Нуржан Бейсенханович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің деканы, Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы, Қазақстан);
Шетелдік ғылыми кеңесші
- 1. Теруков Евгений Иванович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Энергетикадағы жұқажабынды технологиялар ҒТК» ЖШҚ (Санкт-Петербург, РФ).
Қорғау 2025 жылғы 31 қазан сағат 14.00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің 8D07108 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану салалары бойынша)» білім беру бағдарлама бойынша «8D071 Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес отырысы аралас (онлайн-оффлайн) форматта ҚБТУ бас ғимаратында, Әл-Фараби залында (Мекенжай: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59) және шетелдік ғалымдар үшін Microsoft Teams платформасында өтеді.
https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_YjliMDQ1MDAtZTM2NS00NzU3LWJjYWUtMmU1Njk3YTI5MTdj%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%2257081b5e-e66a-4993-8eaf-15b0b309293f%22%2c%22Oid%22%3a%22a60af56b-0eaa-4f1c-94e3-20a5f8e40b5e%22%7d
Веб-сайт: www.kbtu.edu.kz (Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Диссертациялық кеңес), E-mail: a.abdirakhmanov@kbtu.kz