Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жанындағы диссертациялық кеңесте 2025 жылғы 31 қазанда сағат 14:00-де «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін Мадиев Қайрат Сайлауұлының «Қылмысқа қарсы күресте арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық-тактикалық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының базасында орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс тілі.
Ғылыми кеңесшілер:
Намысов Ерлан Думанұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары, полиция полковнигі.
Уакасов Досжан Асылбекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы, полиция полковнигі.
Рецензенттер:
Абилезов Естай Токтасынұлы – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жедел-іздестіру қызметі кафедрасының профессоры.
Амангелдиев Дархан Амангелдіұлы – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының кәсіби даярлық факультетінің бастығы, полиция полковнигі.
Қорғау 2025 жылы 31 қазанда сағат 14:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жанындағы «8D12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес залында офлайн форматта өтеді.
Мекенжай: 100009, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі 124.
Сайт: https://academy@kpa.edu.kz
Электрондық пошта: academy@kpa.edu.kz