2025 жылғы 1-жартыжылдықтағы мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 13 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізді: 5 біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру, 4 профилактикалық бақылау, 8 жоспардан тыс тексеру.

Тексеру нәтижесінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларының және тағы басқа актілердің талаптары.

Мысалы, оқу үрдісінде, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша  ағымдық және қорытынды аттестаттауды өткізуде сәйкессіздіктер анықталды. Бақылау нәтижесінде соңғы курс бітірушілері арасында өткізілген білімін бағалау кесіндісі нәтижесінде білімдерінің деңгейі төмендігі анықталды.

Оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлеміне, олардың дайындық деңгейіне және оқыту ұзақтығына, жалпы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмауы анықталды.

Сондай-ақ, кадрлық саясатының, академиялық жүктеме нормалары, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жұмысында  сәйкессіздіктер анықталды.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің 11 жоғары оқу орнында педагогикалық кадрларды даярлау сапасына мониторинг жүргізілді.

Мониторингтің мақсаты – білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқыту әдістемесінің білім беру жүйесінің заманауи талаптарына және мектептердің қажеттіліктеріне сәйкестігін анықтау, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге қажетті құзыреттіліктерді меңгеру және дайындық деңгейін бағалау.

Мониторинг барысында педагогикалық кадрларды даярлаудағы сәйкессіздіктер мен олқылықтар анықталды. Мысалы, білім беру бағдарламаларының сапасыздығы, олардың мазмұнының қайталануы, профессорлық-оқытушылар құрамының оқытатын пәндердің бейініне сәйкес келмеуі, ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантурада ғылыми бөліктің жеткіліксіздігі, бағдарламаларды әзірлеуде жұмыс берушілердің жеткіліксіз қатысуы.

Мониторинг тобымен анықталған сәйкессіздіктер бойынша түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы кезеңде Комитет білім беру ұйымдары ұсынған ұсыныстар негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

Дата публикации
10 сентября 2025