«Баишев Университеті» мекемесінде жүргізілген мемлекеттік бақылау шарасының нәтижесі туралы

«Таза парақтан» реттеу жаңа саясатын жүзеге асыру аясында тәуекелдерді бағалау жүйесін автоматтандырудың енгізілуіне орай, «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесімен 2024 жылы мемлекеттік бақылауға жататын жоғары оқу орындарының тізімі қалыптасты (https://rchl.govtec.kz/ru/plan.).

Комитет тарапынан 2024 жылғы 13 - 22 мамыр аралығында «Баишев Университеті» мекемесінің (Ақтөбе қ.) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Университеттің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бұзушылықтармен жүргізіліп келе жатқаны анықталды. Оның ішінде: білім беру бағдарламаларының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмеуі; бірқатар пәндердің оқыту тіліне қарай оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілмеуі; профессорлық-оқытушылар құрамының сандық және сапалық көрсеткішетіне қойылған талаптардың сақталмауы және т.б.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама беріліп, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 464-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Комитет тарапынан Нұсқаманың орындалуына бақылау жүргізілетін болады.

Дата публикации
10 сентября 2025