«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Тлеулина Зарина Тасбулатовна 8D08101 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикасы және селекциясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Солтүстік Қазақстан жағдайында майбұршақтың (Glycine max.) ерте пісетін формаларының бастапқы материалдарын шығару» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: қазақ.
Ғылыми кеңесшілері:
Кипшакбаева Гульден Амангельдиновна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының қауымдыстырылған профессоры, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қ.
Омельянюк Людмила Валентиновна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, «Омбы ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің дәнді бұршақ тұқымдастар селекциясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, Омбы қ., Ресей
Ресми рецензенттері:
Тохетова Лаура Ануаровна, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, «Қорқыт Ата Қызылорда университеті» КеАҚ аграрлық технологиялар кафедрасының профессоры, Қызылорда қ.
Кәкімжанова Алмагүл Әпсәләмқызы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК биотехнология және өсімдік шаруашылығы зертханасының меңгерушісі, Астана қ.
Диссертациялық уақытша кеңесінің сайланған мүшелерінің тізімі:
Затыбеков Әлібек Қамзабекұлы, PhD, «Биология және өсімдіктер биотехнологиясы институты» РМК молекулярлық генетика зертханасының аға ғылыми қызметкері, Алматы қ.
Маханова Сауле Кордабаевна, PhD, «Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ биотехнология кафедрасының қауымдыстырылған профессоры, Көкшетау қ.
Бабоев Сайдмурат Кимсанбоевич (Baboev Saidmurat Kimsanboevich), PhD, Өзбекстан Республикасы ҒА генетика және өсімдіктердің тәжірибелік биологиясы институты дәнді дақылдардың генетикасы және тұқым шаруашылығы зертханасының меңгерушісі, Ташкент қ., Өзбекстан
Қорғау 2025 жылы 19 қыркүйек сағат 15.30 - да «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62Б, техникалық факультетінің ғимараты, №4202 конференц-залы.
ZOOM: 494 782 2913
Код: 12345
e-mail: baitelenova_alya@mail.ru