С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «8D06101 ‒ Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Гулназ Бекуалыкызы Бахадированың «Кері байланыс арқылы жоғары ретті сызықтық емес жүйелерді басқаруды компьютерлік модельдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Жұмыс Астана халықаралық университеті Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінде орындалды.
Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс
Қорғау тілі: қазақ тілі
Ресми рецензенттер:
- Икласова Кайнижамал Есимсеитовна – философия докторы (PhD), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының доценті (Петропавл қ., Қазақстан).
- Тохметов Акылбек Тимербекович - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Тасболатұлы Нұрболат – философия докторы (PhD), Астана халықаралық университетінің Ақпараттық технологиялар және инженерия жоғары мектебінің доценті (Астана қ., Қазақстан).
2. Тураев Шерзод – философия докторы (PhD), Біріккен Араб Әмірліктері Ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры (Абу-Даби қ., Біріккен Араб Әмірліктері).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
1. Исмаилова Айсулу Абжаппаровна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры м.а.
2. Абдикеримова Гульзира Бахытбековна – философия докторы (PhD), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
3. Аканова Акерке Сапаровна – философия докторы (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.
4. Ержанова Акбота Ермухамедовна – философия докторы (PhD), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының аға оқытушысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Зиятбекова Гүлзат Зиятбекқызы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ, «Жасанды интеллект және Big data» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Адамова Айгүл Дүйсенбиновна – философия докторы (PhD), «Astana IT University» ЖШС «Компьютерлік инженерия» департаментінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).
- Барахнин Владимир Борисович – техника ғылымдарының докторы, доцент, «Ақпараттық және есептеу технологияларының Федералды зерттеу орталығы» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің жетекші ғылыми қызметкері (Новосібір қ., Ресей).
Қорғау аралас форматта 2025 жылы 30 маусымда сағат 14.30-да С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанындағы 8D061–Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (8D06101 – Үлкен деректер аналитикасы; 8D06103 – Бизнес үдерістерін моделдеу және оңтайландыру; 8D06102 – Жүйелік инженерия, 6D070300 – Ақпараттық жүйелер) даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, Бас ғимарат, №1321 конференц залы
Онлайн-трансляция ZOOM платформасында болады:
Конференция идентификаторы: 937 7074 6093, Ену коды: 456090
Сайт мекен-жайы: https://kazatu.edu.kz, e-mail: dissovetitkazatu@gmail.com