Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 568 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Асель Сейдуллаевна Закироваға 8D01721 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.