«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-да «6D011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жубанова Шолпан Алдабергеновнаның «Интерактивті-иммерсивті тәсіл арқылы техникалық мамандықтағы студенттеріне арналған кәсіби бағытталған шетел тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-да «6D011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жубанова Шолпан Алдабергеновнаның «Интерактивті-иммерсивті тәсіл арқылы техникалық мамандықтағы студенттеріне арналған кәсіби бағытталған шетел тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс.

Диссертация «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің» АҚ шеттілдік білім беру әдістемесі кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

  1. Жаксыликова Куляй Баймендиновна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының профессоры.
  2. Закирова Гульнара Демешовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің шет тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

Джусубалиева Дина Муфтаховна - педагогика ғылымдарының докторы, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ шет тілді білім беру әдістемесі кафедрасының профессоры.

Юксель Гоктас - PhD философия докторы, профессор, Түркия Республикасы, Эрзурум қаласы, Ататүрік Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:

  1. Кульгильдинова Тулебике Алимжановна – педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Төраға.
  2. Узакбаева Сахипжамал Аскаровна – педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры, төраға орынбасары.
  3. Немчинова Екатерина Марковна – философия докторы (PhD), Сиэтл Тынық мұхиты университетінің Шет тілдері, мәдениеттер және лингвистика факультетінің профессоры, Сиэтл қ., АҚШ.
  4. Елубаева Перизат Келдибаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Жампеисова Корлан Кабикеновна - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.
  2. Тажигулова Альмира Избасаровна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ақпараттандыру ғылыми орталығы» ЖШС директоры.
  3. Ризаходжаева Гүлнара Абдумажитқызы – PhD «6D010300-Педагогика және психология», қауымдастырылған профессор, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Қорғау 2025 жылғы 30 сәуірде сағат 09.00-де (UTC +5. Alma-Ata Time (ALMT) «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ қарасты «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» (мамандығы – «6D011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі») дайындық бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.

Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Муратбаев көшесі, 200, 1 оқу ғимараты, № 108.

Сайт мекен-жайы: http://dissovet.ablaikhan.kz/ 

Онлайн-отырыстың сілтемесі:

https://youtube.com/live/s6tVOAmVlCM?feature=share

Дата публикации
31 марта 2025