Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің диссертациялық кеңесінде 8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бекешова Жанна Бактыгалиевнаның «Жаңа геологиялық және геофизикалық мәліметтерді ескере отырып, Косбулак шұңқырының геологиялық құрылымын нақтылау және мұнай-газ әлеуетін бағалау» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Экология және геология» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орысша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Ахметжанов Айтбек Жамсатович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, доцент, «ҚБТУ» АҚ геология және геологиялық барлау факультетінің деканы (Алматы қ., Қазақстан);
- Портнов Василий Сергеевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Абылқас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ (Қарағанды қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
- Ратов Боранбай Товбасарович – техникалық ғылымдар докторы, профессор, К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің «Геофизика және сейсмология» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Кожахмет Косарбай Абдрахманович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Экология және геология» кафедрасының оқытушысы (Ақтау қ., Қазақстан).
- Попов Юрий Витальевич – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары, Жер туралы ғылымдар институтының жалпы және инженерлік геология кафедрасының доценті, Оңтүстік федералды университеті (Ростов-на-Дону, Ресей).
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Ратов Боранбай Товбасарович – техникалық ғылымдар докторы, профессор, «Геофизика және сейсмология» кафедрасының меңгерушісі,
К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, төраға.
- Кожахмет Косарбай Абдрахманович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Экология және геология» кафедрасының оқытушысы, Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КЕАҚ, төраға орынбасары
- Гусманова Айгул Гайнуллаевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Мұнай-химиялық инжиниринг» кафедрасының профессоры, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КЕАҚ;
- Баямирова Рысколь Умаровна – техника ғылымдарының кандидаты, «Мұнай-химиялық инжиниринг» кафедрасының ассоциирленген профессоры, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КЕАҚ, ғылыми хатшы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Омарова Гүлнара Магаувьяновна – PhD, «Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасының ассоциирленген профессоры, К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Смашов Нурлан Жаксибекович – PhD, «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» ЖШС директоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Кушаков Абдулла Романович – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Диссертациялық жұмысты қорғау 2025 жылғы 11 сәуірде сағат 14:00-де Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің жанындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекенжай: 130000, Ақтау қ., 32 шағын аудан, бас ғимарат, 7-қабат, Шерқала Холл, Zoom платформасында.
Конференция сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/84967143807?pwd=Jvb3OoinLdyBQTzFRYb8QhoV83qdV0.1
Конференция идентификаторы: 849 6714 3807
Қолжетімділік коды: 301915