Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 6D020600 – «Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мажиев Ғылымбек Жәдігерұлының «Дін мен зайырлы мемлекет қатынасының әлемдік және қазақстандық үлгісі: салыстырмалы дінтанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 6D020600 – «Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мажиев Ғылымбек Жәдігерұлының «Дін мен зайырлы мемлекет қатынасының әлемдік және қазақстандық үлгісі: салыстырмалы дінтанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Дінтану кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: қазақ.

Ресми рецензенттер:

  1. Досай Кенжетай Тұрсынбайұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
  2. Құсаинов Дауренбек Өмірбекұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Затов Қайрат Айтбекұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы.
  2. Мухаметшин Рафик Мухаметшович – саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының мүшесі (Қазан қаласы, Татарстан Республикасы).

Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:

  1. Сатершинов Бахытжан Меңлібекұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор. ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері.
  2. Шәмшәдин Керім Тұрсынұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
  3. Әкімханов Асқар Болатбекұлы – (PhD), қауымдастырылған профессор. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы.
  4. Сөнмез Кутлу – Ислам ғылымдарының докторы, профессор, Анкара университеті Иләһият факультетінің профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Бишманов Какимжан Мұратжанұлы – заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры.
  2. Жандосова Шолпан Мулікаманқызы – саясаттану бойынша (PhD), қауымдастырылған профессор. ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері.
  3. Сапаров Бақытжан Жолдыбайұлы – (PhD), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы.

Қорғау 2025 жылы 12 сәуір, сағат 15.00-де Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы  ̶ 8D02201 Исламтану, 8D02202 Дінтану бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғ., 73, Конференция залы 104.

 

Конференция сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/88241705446?pwd=MiBePgZVTMDhKoSZNoz3AHMkNcdarw.1

Конференция идентификаторы: 882 4170 5446

Кіру коды: 938997

Дата публикации
17 марта 2025