«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-да 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Кушерова Парасат Тулегеновнаның «Модификацияланған биополимер негізіндегі композитті эмульсиялар және олардың іс жүзінде қолданылуы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Химиялық инженерия мектебінде орындалған.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Рецензенттер:
- Пейман Поурафшари – философия докторы (PhD), Назарбаев Университетінің Тау ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры (Астана қ., Қазақстан);
- Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы – химия ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетітің профессоры (Қызылорда қ., Қазақстан);
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Джумадилов Талкыбек Кожатаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Зазыбин Алексей Георгиевич – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Иткулова Шолпан Сембаевна – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты» АҚ (Алматы қ., Қазақстан);
- Мұқанова Меруерт Сисенбековна – химия ғылымдарының кандидаты, зертхана меңгерушісі, «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ (Алматы қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Бектенов Несіпхан Әбжапарұлы – ҚЖМ ҰҒА және ҚАЗҰЖҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, химия кафедрасының профессоры. (Алматы, Қазақстан);
- Əбутəліп Мунзия – Ph.D докторы, National Laboratory Astana аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан).
- Ейсса Мохамед Махмуд – философия докторы (PhD), Ұлттық зерттеу орталығының Полимерлер мен бояулар кафедрасының профессоры (Гиза қ., Египет);
Ғылыми кеңесшілер:
- Негим Аттия Эль-Сайед – философия докторы (PhD), ҚБТУ АҚ Материалтану және жасыл технологиялар мектебінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Шетелдік ғылыми кеңесші
- Мохамад Азми Бустам – философия докторы (PhD), PETRONAS Технологиялық Университетінің Химиялық инженерия кафедрасының профессоры (Перак қ., Малайзия).
Қорғау 2025 жылғы 4 сәуірде сағат 14.00-де Қазақстан-Британ техникалық университетінің 8D07101 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 8D071 "Инженерия және инженерлік іс" кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес отырысы аралас форматта ҚБТУ бас ғимаратында, Әл-Фараби залында (Мекенжай: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 59) және онлайн қатысушылар үшін Microsoft Teams платформасында өтеді:
https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_NzY5MzYyOGMtMGIyYi00OTU0LTgzOTAtZDNlMzI4ZGQwYzlj%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%2257081b5e-e66a-4993-8eaf-15b0b309293f%22%2c%22Oid%22%3a%228ddb637d-ece9-4577-bdcd-b84e962be1f8%22%7d
Веб-сайт: www.kbtu.edu.kz (Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, Диссертациялық кеңес), E-mail: chem_mukan@mail.ru