«Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абсалимова Мамура Абсаттарқызының 8D07201 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Ақуыз-көмірсулы құрамды пайдалана отырып, ет туралған жартылай фабрикаттардың технологиясын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Алматы технологиялық университетінде «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орысша.
Ғылыми кеңесшілері:
- Л.К. Байболова, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- А.М. Таева, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Алматы технологиялық университеті» АҚ «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- Т.К. Кулажанов, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
- И.А. Глотова, техника ғылымдарының докторы, профессор, Император Петр I атындағы Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті, Воронеж қ., РФ.
Ресми рецензенттер:
- Нурымхан Гулнур Несиптаевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің жетекшісі;
- Хаймульдинова Алтынкул – техника ғылымдарының кандидаты, «Стандартизация, сертификация және метрология» кафедраның қауымдастырылған профессор «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Диссертациялық Кеңестің шетелдік мүшесі – Petrova Todorka Balkova - PhD, Professor. Agricultural Academy, Institute of Preservation and Quality, Plovdiv (Bulgaria);
- Нургазезова Алмагуль Нургазезовна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы;
- Кененбай Гульмира Серикбайкызы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС зертхана меңгерушісі.
Қорғау 2025 жылы 27 наурыз, сағат 15.30-да «Алматы технологиялық университеті» АҚ жанындағы 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» дайындау бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте, Алматы қаласы, Төле би көшесі 100, конференция залы, 212 кабинетінде өтеді.
Сайт адресі: www.atu.kz, e-mail: r.uazhanova@atu.edu.kz
Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өтеді:
Конференция идентификаторы: 876 243 6555
Кіру коды: Qwerty1234