«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-дағы 8D10141 «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте «Жүкті әйелдердегі COVID-19 коронавирустық инфекциясының клиникалық көріністері, асқынулары, нәтижелері және этиотропты терапиясының тиімділігі» тақырыбында Шаймерденова Гүлбану Ғаниқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қайта қорғауы өтеді.
Диссертация «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында орындалған.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Ресми рецензенттер:
- Кулжанова Шолпан Адлгазиевна – «Астана медицина университеті» КЕАҚ жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.
- Курманова Алмагуль Медеубаевна – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілер:
Абуова Гүлжан Наркеновна- «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы.
Пшеничная Наталья Юрьевна– «Роспотребнадзор» эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Кулбаева Салтанат Налибеккызы – «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, ассоц. профессор, PhD.
- Кемельбеков Канатжан Сауханбекович–PhD докторы, «ОҚМА» АҚ «Педиатрия – 1» кафедрасының меңгерушісі.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Локшин Вячеслав Натанович - қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Алматы қаласы, Қазақстан.
- Бургасова Ольга Александровна – РУДН эпидемиология және фтизиатрия курстары бар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы.
- Дүйсенова Амангүл Қуандыққызы – С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жұқпалы аурулар және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласы, Қазақстан.
- Нұрхасимова Раушан Ғаббасқызы-Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан қаласы, Қазақстан.
Қорғау 2024 жылы 18 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы «Медицина» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.
Қорғау аралас режимде Zoom платформасында https://us06web.zoom.us/j/9943253515?pwd=ajJlazBxZXRoYlhJdkFmVHZZWkhQZz09&omn=82052026424 (конференцияның идентификациялық номері: 994 325 3515, кіру код: 2022) өткізіледі.
Сайтқа сілтеме: https://skma.edu.kz