М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Аманбаев Еркеғали Нұрғалиұлының «Гидротехникалық құрылымдардағы болат құбырлардың коррозиялануын зерттеу және олардың төзімділігін арттыру жолдары» тақырыбына диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі – қазақша.
Ресми рецензенттер:
- Қасымбеков Жүзбай Қожабайұлы – техника ғылымдарының докторы, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Инженерлік жүйелері және желістері» кафедрасының профессоры, Алматы.
- Үсенқұлов Жеңісбек Амантайұлы – техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының доценті, Шымкент.
Ғылыми кеңесшілер:
- Әлімбаев Базартай Әлімбайұлы – техника ғылымдарының докторы, «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының профессоры, Тараз.
- Бейшекеев Кыдыкбек Каниметович – техника ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, Бішкек, Қырғызстан.
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Карлыханов Оразхан Карлыханович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «ҚазСШҒЗИ» ЖШС бас ғылыми қызметкері, Тараз;
- Саинов Михаил Петрович – техника ғылымдарының докторы, Мәскеу энергетикалық университетінің «Энергетикалық және гидротехникалық құрылымдар» кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу, Ресей;
- Ли Марина Анатольевна – техника ғылымдарының кандидаты, «ҚазСШҒЗИ» ЖШС «Су ресурстарын басқару» бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Тараз;
- Джолдасов Сапарбек Куракбаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «М.Х. Дулати атындағы ТарУ» КеАҚ «Су ресурстары» кафедрасының доценті, Тараз.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Қойбақов Сейтхан Мелдебекұлы – техника ғылымдарының докторы, «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, Тараз.
- Сейтасанов Ибрагим Сматұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, Алматы.
- Молдаш Ырысбек Әбжамалұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қайнар» ЖШС директоры, ҚР «Су шаруашылығы және ирригация» министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Қызылорда.
Қорғау 2024 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11.00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті жанындағы 8D074-Су шаруашылығы даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 62, 2-қабат, мәжіліс залы.
Конференцияға сілтеме:
https://us05web.zoom.us/j/88559099215?pwd=tli3AdUTIdbg5arccDx7SxwksvyQnC.1
Конференция идентификаторы: 885 5909 9215
Кіру коды: 231215