Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 6D030300 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша Ерсултан Сулейменович Ермековтің «Расследование преступлений, связанных с нарушением порядка учета транспортных средств» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өтеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 6D030300 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша Ерсултан Сулейменович Ермековтің «Расследование преступлений, связанных с нарушением порядка учета транспортных средств» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғауы өтеді.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Е.Т. Абилезов – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының профессоры;
  2. Д.Ы. Нұрмұханбет – заң ғылымдарының кандидаты, профессор, «Energy research and training» компаниясы президентінің кеңесшісі.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Е.Н. Бегалиев – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры;
  2. Б.К. Шнарбаев – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті.

 

Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:

  1. Сқақов Айдарқан Байдекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры;
  2. Муканов Малик Рсбаевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бастығы;
  3. Қайнар Ерболат Ержанұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе институты бастығының орынбасары;
  4. Қалқаманұлы Данияр – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қосымша білім беру факультетінің бастығы.

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

  1. Биекенов Нурлан Амангельдинович – заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімі секторының меңгерушісі;
  2. Токубаев Зайрулла Сембаевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры.
  3. Аслан Рамазанович Баргаринов - заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ЖІҚ кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі.

 

Қорғау 2024 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы жанындағы 8D12301 – Құқық қорғау қызметі бағыты бойынша даярлау диссертациялық кеңесінде, 020000 Қостанай қ., Абай даңғылы, 11, бас корпус, 1-қабат, Skakov library мекенжайы бойынша өтеді.

 

Конференцияға қосылу үшін сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/89774257918?pwd=raIiBi7WgOIlvCiV5cQozuMib0mKmP.1

Конференция идентификаторы: 897 7425 7918

Кіру коды: 905859

Сайттың мекенжайы: https://qpa.edu.kz/

Дата публикации
22 ноября 2024