Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде 8D087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы: 8D05201 (6D060800) – Экология білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Букаев Елдар Захаровичтың «Қалдықтарды инновациялық құрылыс материалдарына қайта өңдеу арқылы кесілген тас-әктас өндірісінің экологиясын жақсарту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Инжиниринг» факультетіне қарасты «Экология және геология» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орысша.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ресми рецензенттер:
- Шапалов Шермахан Куттыбаевич – PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры.
- Исаев Ғани Исаевич – PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры;
Ғылыми кеңесшілері:
- Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, т.ғ.к., профессор;
- Муталибова Гавахират Кадировна – К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясы – Ресей мемлекеттік аграрлық университеті, т.ғ.к., доцент (Мәскеу, Ресей).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Серікбаева Ақмарал Қабылбекқызы – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, т.ғ.к., «Экология және геология» кафедрасының профессоры – төраға;
- Махамбетов Мурат Жаракович – PhD, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры – төраға орынбасары;
- Сырлыбекқызы Самал – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, PhD, «Экология және геология» кафедрасының профессор м.а. – ғылыми хатшы;
- Абдибаттаева Марал Мауленовна – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор – диссертациялық кеңес мүшесі.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Шукуров Носир Эгамович – PhD, Өзбекстан Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі Геологиялық ғылымдар университетінің Геология және геофизика институтының геохимия зертханасының меңгерушісі (Ташкент, Өзбекстан);
- Курманбаева Меруерт Сакеновна – биология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, биология және биотехнология факультетінің деканы;
- Шамшеденова Самал Саламатовна – PhD, «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2024 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 14.00-де Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде келесі мекенжайда өтеді: 130000, Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, бас ғимарат, 7 қабат, Шерқала Холл, Zoom платформасында өтеді.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/84967143807?pwd=Jvb3OoinLdyBQTzFRYb8QhoV83qdV0.1
Идентификатор конференции: 849 6714 3807
Код доступа: 301915