М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінде 8D07206 (6D073300) – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Калдыбаева Гульбустон Юсупжановнаның «Шитті мақтадан соңғы өңдеуге дейін берілген қасиеттері бар мата өндірісінің технологиясын жетілдіру» тақырыбында диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
- Баданов Кенжебек Исабекович – т.ғ.к. (05.19.03- Тоқыма материалдарының технологиясы), «Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасының профессоры, М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті. Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы.
- Саримсаков Олимжон Шарипжанович – т.ғ.д. (06.05.02 – Тоқыма материалдарының технологиясы және шикізатты алғашқы өңдеу), Наманган тоқыма өнеркәсібі институтының профессоры. Өзбекстан Республикасы, Наманган қаласы.
Ғылыми кеңесшілер:
- Елдияр Гулзинат Қаирбекқызы – PhD докторы, «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының аға оқытушы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы.
- Набиева Ирода Абдусаматовна – техника ғылымдарының докторы, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының «Химия және полиграфиялық инженерия» кафедрасының профессоры – Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
- Ташпулатов Салих Шукурович – Диссертациялық кеңестің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсібі институтының профессоры, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы;
- Калдыбаев Рашид Турдыбаевич – Диссертациялық кеңестің төраға орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы;
- Ешжанов Абилда Абдыкадырович – PhD, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы, «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы;
- Дайрабай Динара Дастанқызы – Диссертациялық кеңестің хатшысы, PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Тожимирзаев Санжар Турдалиевич – PhD, мамандығы 06.02 - Тоқыма материалдарының технологиясы және шикізатты алғашқы өңдеу, «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және жабдықтары» кафедрасының доценті Үргенч мемлекеттік университеті, Өзбекстан Республикасы, Үргенч қаласы;
- Муминов Мансурбек Рахимович – PhD, мамандығы05.03. – «Технологиялық машиналар. Роботтар, мехатроника, робототехникалық жүйелер». Талшықты материалдар Ғылыми-зерттеу институты директорының ғылым және ғылыми қызмет жөніндегі кеңесшісі, аға ғылыми қызметкер, Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы;
- Шардарбек Мұхамеджан Шардарбекұлы – т.ғ.к., мамандығы 02.05.13. – Жеңіл өнеркәсіп машиналары, агрегаттары және процестері, «Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының және материалдарының технологиясы» мамандығы бойынша доценті, М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті, Тараз қ.
Қорғау 2024 жылы 19 желтоқсанда сағат 14:00-де М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті жанындағы 8D072 - Өндірістік және өңдеу салалары бағыты бойынша диссертациялық кеңесте 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5, бас корпус, 3 қабат, 342 аудиториясында өтеді.
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/3343340017?pwd=REplQUZ6NWJLZ0hkcU5obEdUQ2ZTZz09&omn=88345257968
Конференция идентификаторы: 3343340017
Кіру коды: 0000