«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ-да 8D01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Есейқызы Айымның «Болашақ математика мұғалімдерінің логикалық ойлауын дамытуға цифрлық білім беру технологияларының әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетінде 8D01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша орындалған.
Диссертацияны ұсыну нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
- Нурбеков Бакыт Жаксылыкович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕ АҚ, жоғары математика кафедрасы, 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру) (Астана қ., Қазақстан);
- Кадирбаева Роза Изтлеуовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Математика кафедрасы, 13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі (Шымкент қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесшілер:
- Смагулов Есенгали Жексембаевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ (Талдықорган қ., Қазақстан);
- Алдабергенова Айгуль Оналбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ (Талдықорған қ., Қазақстан);
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Темербекова Альбина Алексеевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Горно-Алтайск мемлекеттік университеті» жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі (Горно-Алтайск қ., Алтай Республикасы, Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
- Жанатбекова Назым Жанатбеккызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Диссертациялық Кеңестің төрағасы (Талдықорған қ., Қазақстан);
- Бакирова Эльмира Айнабековна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), математика және математикалық модельдеу институты, Диссертациялық Кеңестің төрағасының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);
- Чошанов Мурат Аширович – PhD доктор, Техас университеті, Эль Пасо қ., АҚШ, Диссертациялық Кеңестің мүшесі;
- Гаврилова Екатерина Николаевна – философия докторы (PhD), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Диссертациялық Кеңестің ғалым хатшысы (Талдықорған қ., Қазақстан).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Даулеткулова Айгул Утегеновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), «SDU University» (Қаскелең қ., Қазақстан);
- Шекербекова Ширинкыз Тилеубергеновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Бостанов Бектас Ганиевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
Қорғау 11 желтоқсан 2024 жылы сағат 08.00-де «І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ жанындағы 8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерін даярлау бағыты: 8D01501 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежелерін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., І. Жансүгіров к-сі., 187а, конференция залы (313 ауд).
Сайт адресі: https://zhetysu.edu.kz/
E-mail: ketrin_301290@mail.ru