|
03.10.2024 ж. № 883
Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхатын қарауға арналған әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы |
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 43 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті туралы ережесінің 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне ғылыми басылымдарды енгізу жөніндегі ұйымдардың өтінішхаттарын қарауын дұрыс қолдану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
Министрлігінің Ғылым және
жоғары білім саласындағы
сапаны қамтамасыз ету
комитетінің төрағасы Ә. Тойбаев