Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 833 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Палина Анна Андреевнаға 8D01702 - Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.