«Тұран» университетінде 8D04201 – «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынған Умбетбаева Жулдыз Баймураткызының «Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау туралы халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асыруы: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация «Тұран» университеті Гуманитарлық-заң факультетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.
Ғылыми кеңесшілер:
1) Сулейменова Сауле Жусупбековна – заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Алматы қ.);
2) Осман Деврим Эльван – «Стамбул-Джеррахпаша» университеті, Орман шаруашылығы факультетінің «Экологиялық және орман құқығы» кафедрасының профессоры, доктор (Түркия).
Көпшілік алдында қорғау рәсімін жүргізу үшін диссертациялық кеңестің тұрақты құрамының шешімімен диссертациялық кеңестің уақытша құрамы бекітілді:
1) Жээналиев Алмаз Жээналиевич – заң ғылымдарының кандидаты, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Президент және Министрлер Кабинеті шешімдерін дайындау басқармасының Салалық саясат бөлімінің бас сарапшысы (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ.);
2) Сатбаева Айжан Муратовна – заң ғылымдарының кандидаты, Кенжегали Сагадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті (Қазақстан, Алматы қ.);
3) Кошкинбаева Алия Сержановна – философия докторы (PhD), «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қазақстан, Алматы қ.).
Ресми рецензенттер:
1) Бекишева Сабигуль Джанабаевна – заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының құқық қорғау қызметінің проблемаларын зерттеу мен зерттеуді үйлестіру орталығының бас ғылыми қызметкері (Қазақстан Республикасы. Астана қ.);
2) Бекежанов Даурен Нуржанович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Талдықорған қ.);
Қорғау 8D042 Құқық: 8D04201 (6D030100) – Құқықтану кадрларды даярлау бағыты бойынша «Тұран» университетінің жанындағы Диссертациялық кеңесте 2024 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., Сәтбаев көш., 16а, ректорат,
401 кабинет.
Тікелей онлайн-трансляция келесі сілтеме бойынша өтеді:
https://us02web.zoom.us/j/86730293501?pwd=1FOQfkaM5vMbl4r81XVFaB9bKoR1lw.1
Конференция идентификаторы: 867 3029 3501
Кіру коды: 039303
YouTube тікелей эфиріне сілтеме:
https://youtube.com/live/yp_yWHw0pB0?feature=share
Сайт: www.turan-edu.kz
e-mail: u_dissovet@turan-edu.kz