Халықаралық білім беру корпорациясының 8D073 – Сәулет және Құрылыс бағыты бойынша: 8D07311 (6D042000) – «Сәулет», 8D07321 (6D072900) – «Құрылыс», 8D07361(6D073000) – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» оқу бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте 8D07311 (6D042000) – «Сәулет» оқу бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған
Лаура Мұқанқызы Аухадиеваның «Қазақстандағы заманауи аймақтық сәулет өнерінің даму тенденциялары» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс Халықаралық білім беру корпорациясының Сәулет Факультетінде орындалған.
Қорғау формасы: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: ағылшын.
Қорғау форматы: аралас.
Ғылыми кеңесшілері:
Абдрасилова Гульнара Сейдахметқызы – сәулет докторы, профессор, Халықаралық білім беру корпорациясы Архитектура Факультетінің зерттеуші профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;
Генералов Виктор Павлович - сәулет кандидаты, профессор, Самара мемлекеттік техникалық университетінің (СамГТУ) /Құрылыс және архитектура академиясының Архитектура кафедрасының меңгерушісі.
Ресми рецензенттер:
Савельева Лариса Владимировна – сәулет кандидаты, «Сәулеттегі ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті; «Сәулет жобалау негіздері» кафедрасының доценті, ФГБОУ ВО «Мәскеу сәулет институты (мемлекеттік академия)», Мәскеу қ., Ресей Федерациясы;
Насирдинова Айгүл Мамытовна – сәулет кандидаты, «Сәулет мұрасын қалпына келтіру және қайта құру» кафедрасының доценті, Архитектура және дизайн институты, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (ҚМТУ), Бішкек қ., Қырғызстан.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қорғау 2024 жылы 29 тамыз, Алматы қ. сағат 15:00-де (3-00 РМ) Халықаралық білім беру корпорациясының 8D073 - Сәулет және Құрылыс бағыты бойынша: 8D07311(6D042000) - «Сәулет», 8D07321(6D072900) - «Құрылыс», 8D07361(6D073000) - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» оқу бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас режимде, Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 28 мекенжайында, ХБК, 4 аудиторияда өтеді.
Бейнеконференцияға қосылу сілтемесі
https://us04web.zoom.us/j/8284133250?pwd=jq0TQtCeMXHYD-rRlKfQmY34BK31sw
Конференция идентификаторы: 828 413 3250
Құпиясөз: 587116