«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-та 8D01702 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша «Болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсібі сәйкестігін қалыптастыру» тақырыбындағы Палина Анна Андреевнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертациялық жұмыс академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасында орындалған.
Қорғау тілі: орыс.
Ғылыми кеңесшілері:
Тлеужанова Гульназ Кошкимбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, шетел тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, шетел тілдері факультетінің деканы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан;
Мордовина Татьяна Валерьевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Тамбов қ., Ресей Федерациясы.
Рецензенттер:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қайырбаева Ақмарал Қанатбекқызы – п.ғ.к. (13.00.02 – Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі), доцент, профессор, «Шетел филологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Торайғыров университеті, Павлодар қ., Қазақстан;
Көпжасарова Үміт Ибжанқызы – п.ғ.к. (13.00.08 – Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі), «Шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан;
Оралканова Индира Адылкановна – философия ғылымдарының докторы (PhD) (6D010300 – Педагогика және психология), Психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., «Шәкәрім Университеті» КеАҚ, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Семей қ., Қазақстан;
Закирова Гүлнара Демешқызы – п.ғ.к. (13.00.02 – Оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі), Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), Алматы қ., Қазақстан;
Мамадалиев Абдумаджит Мамасолиевич – п.ғ.к., доцент, шетел тілдері факультетінің деканы, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан.
Қорғау аралас форматта 2024 жылдың 1 шілдесінде сағат 10.00 – де академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы 6D011900/8D01702/8D01701900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) бейініне сәйкес құрылған диссертациялық кеңесте өтеді.
Өткізілетін орны: №1бас ғимараттың Ғылым Кеңесінің мәжіліс залында және ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді: идентификаторы: 885 0162 1652, құпия сөз: 416037.