Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «8D04101 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Газизова Майя Ривелевнаның «NEET-жастардың әлеуметтік-экономикалық инклюзиясының тұжырымдамалық негіздері және оны Қазақстанда іске асыру тетіктері» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «8D04101 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Газизова Майя Ривелевнаның «NEET-жастардың әлеуметтік-экономикалық инклюзиясының тұжырымдамалық негіздері және оны Қазақстанда іске асыру тетіктері» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертация академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің экономика және халықаралық бизнес кафедрасында орындалған.

Диссертацияны ұсыну формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Хусаинова Жибек Сеитовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры (Астана қ., Қазақстан);
  2. Вечкинзова Елена Анатольевна – экономика ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік басқару университеті» Жоғары білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің Маркетинг институтының доценті (Мәскеу қ., Ресей).

Ресми рецензенттер:

  1. Акмолдина Батжан Нуралиевна – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімшарттық қызметшісі;
  2. Койтанова Алия Женисовна – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), Astana IT University офис тіркеушінің жетекшісі, Шығармашылық индустрия мектебінің ассистент профессоры.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Борбасова Зияда Назибековна – экономика ғылымдарының докторы (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, Қарағанды қ., Қазақстан;
  2. Гельманова Зоя Салиховна – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), профессор, Қарағанды индустриялық университетінің экономика және бизнес кафедрасының профессоры, Теміртау қ., Қазақстан;
  3. Даулетова Азиза Мекемтасовна – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.01 – Экономикалық теория), Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің менеджмент және инновация кафедрасының доценті, Қарағанды қ., Қазақстан;
  4. Кадырова Акмарал Сатбековна – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), доцент, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры, экономика және басқару кафедрасының профессоры, Тараз қ., Қазақстан.
  5. Калыков Абай Кобландиевич – экономика ғылымдарының кандидаты (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, Қарағанды қ., Қазақстан.
  6. Турекулова Даметкен Медихановна – экономика ғылымдарының докторы (08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару), профессор, Esil University академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректоры, Астана қ, Қазақстан.

 

Қорғау 2024 жылдың 29 маусымында сағат 10:00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы «6D050600 – Экономика» мамандығы (кадрларды даярлау бағыты), «8D04107001 / 8D04101 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (оффлайн және Microsoft Teams платформасында онлайн: идентификатор – 397 763 814 801, құпия сөз – jhDpWR) өтеді.

Мекен-жайы: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы (бас ғимараттың №1 кеңейтілген дәрісханасы).

Дата публикации
29 мая 2024