Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі рекреациялық көлдерінің экологиялық жағдайына табиғи және антропогендік факторлардың әсері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ерлан Жумайдың докторлық диссертациясы қорғалады.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6D060800-Экология» мамандығы бойынша «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі рекреациялық көлдерінің экологиялық жағдайына табиғи және антропогендік факторлардың әсері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ерлан Жумайдың докторлық диссертациясы қорғалады.

 Диссертация «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі – қазақша.

Ресми рецензенттер:

  1. Акмуханова Нурзия Рахмедиевна – биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының доценті. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар;
  2. Сатыбалдиева Гулмира Калмашевна – биология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Рецензентте докторанттың зерттеу саласы бойынша 5-тен (бестен) астам ғылыми мақаласы бар.

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Хусаинов Абильжан Токанович – б.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА және РЖА академигі, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының профессоры;
  2. Курманбаева Айгуль Сапарбековна – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  3. Скипин Леонид Николаевич – а.ш.ғ.д., профессор, Тюмень индустриалды университетінің экология профессоры (Тюмень қ., Ресей Федерациясы);

Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:

  1. Какабаев Ануарбек Аязбаевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., халықаралық жобаларды басқару бойынша ректордың кеңесшісі;
  2. Хусаинов Абильжан Токанович – биология ғылымдарының докторы,
    ҚР АШҒА және РЖА академигі, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  3. Панюшкина Ирина Петровна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ағаш сақиналарын зерттеу зертханасының ғылыми қызметкері, Аризона штатының университеті, Тусон, АҚШ;
  4. Баязитова Зульфия Ерзатовна – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Тау-кен ісі, құрылыс және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  5. Острецова Идия Болатовна – биология ғылымдарының кандидаты, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Химия және биотехнология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тазитдинова Румия Маратовна – «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг кафедрасының меңгерушісі, (мамандық шифры: 6D060800 – Экология). Хирш индексі – 7;
  2. Курмангожинов Альжан Жанибекович – «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының докторы (PhD), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы (мамандық шифры: 6D060800 – Экология). Хирш индексі – 3;
  3. Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы – философия докторы (PhD), «Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» КеАҚ «Экология және химия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (мамандық шифры: 6D060800 – Экология). Хирш индексі – 4;
  4. Шаймарданова Ботагоз Хасымовна – биология ғылымдарының докторы, «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» КеАҚ «ТҚ және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, (мамандық шифры: 03.00.16 – Экология). Хирш индексі – 5;
  5. Есенаманова Жанар Санаковна – «Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің «Экология» кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а., (мамандық шифры: 6D060800 – Экология). Хирш индексі – 4;

         Қорғау 2024 жылы 27 маусымда сағат 10.00-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің  8D087 - Қоршаған ортаны қорғау технологиясы дайындық бағыты бойынша диссертациялық кеңесте, 020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76 мекенжайындағы бас ғимараттың 2 қабаты, Ғылыми кеңес залында өтеді.

Сайт адресі: www.shokan.edu.kz

Конференцияға сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/82809135932?pwd=7PIQsa9lGkOQ7owXeBGnnqWTWo5Qik.1

Конференция идентификаторы: 828 0913 5932  

Кіру коды: 608027  

 

Дата публикации
24 мая 2024