«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-та «8D02304-Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Утегенова Асельдің «Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі тілдік және этнотілдік жағдаят» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ-та «8D02304-Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Утегенова Асельдің «Қазақстан Республикасының батыс өңіріндегі тілдік және этнотілдік жағдаят» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: қазақша.

Диссертация Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында орындалған.

 

Рецензенттері:

  1. Құрманбайұлы Шерубай – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекшісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.02 – Қазақ тілі.
  2. Суюнбаева Алтынгул Жакиповна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Екі Марте Кеңес Одағының батыры Т. Ж. Бегельдинов атындағы ӘҚК Әскери институты, Мемлекеттік тіл кафедрасының доценті, Ақтөбе қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.19 – Тіл теориясы.

 

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Курманова Бактыгул Жакеновна – педагогика ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан;
  2. Бирай Нергиз – PhD, Памуккале университеті, Денизли қ., Түркия.

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Тажибаева Сауле Жаксылыкбаевна – филология ғылымдарының докторы (10.02.20 – Салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі), профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

Биткеева Айса Николаевна – филология ғылымдарының докторы (10.02.19 – Тіл теориясы), профессор, Ресей Ғылым академиясы, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы.

Смагулова Жулдыз Сагидоллаевна – филология ғылымдарының кандидаты (10.02.19 – Тіл теориясы), доктор PhD (Лондон, Англия), профессор, КИМЭП университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Акжигитова Асель Шералиевна – PhD (6D020500 – Филология), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан.

 

Қорғау 2024 жылдың 31 мамыры күні сағат 14:00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жанындағы «8D02304-Филология»  білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ұсыну бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (офлайн және ZOOM платформасында онлайн: идентификатор 9088530780) өтеді.

 

Сайттың мекен-жайы: www.zhubanov.edu.kz

e-mail: sabira-i@yandex.ru

Дата публикации
16 апреля 2024