Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 04 сәуірдегі № 381 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығы.
Бейсембекова Сабина Халилуллаевнаға 8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілсін.
Халықаралық білім беру корпорациясы бекітілген тәртіппен философия докторы (PhD) дәрежесі дипломының жазылуын және берілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.